Автосалон келушілеріне арналған ақпарат

ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРҒА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
 

Құрметті келушілер, «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен танысуларыңызды өтінеміз». Сіздің келуіңіздің қауіпсіз және барынша жайлы болуы үшін «Дилерлік орталыққа келу ережелерін» сақтауыңызды сұраймыз. Дилерлік орталықтар тәртіпті және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келушілерді және олардың іс-әрекеттерін тіркейтін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған;

Келуіңіздің қауіпсіз және жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында осы «Subaru Kazakhstan» «дилерлік орталығына келу ережелері» дилерлік орталықтардың үй-жайларындағы және/немесе аумағындағы барлық келушілерге арналған жалпы іс-әрекет тәртібін регламенттейді.

  1. Дилерлік орталықтың үй-жайларына келушілер тек арнайы тағайындалған және жабдықталған кіру/шығу есіктері арқылы ғана кіре алады және онда тек дилерлік орталықтың жұмыс уақытында ғана (жұмыс режимін ескере отырып) бола алады;
  2. Дилерлік орталыққа келген кезде, ескерту белгілерінің, көрсеткіштердің, таңбалардың, нұсқаулықтардың немесе басқа белгілердің талаптарын сақтауға
  3. ;
  4. Өз денсаулығыңызға/өміріңізге және өз мүлкіңіздің қауіпсіздігіне жеке қамқорлық жасауға кеңес береміз. Сізден дилерлік орталықтың үй-жайларында және/немесе аумағында, таныстыру автокөлігінде өзіңіздің жеке заттарыңызды қалдырмауыңызды сұраймыз, дилерлік орталықтың әкімшілігі қалдырылған заттар үшін жауапты емес;
  5. Өзіңізді Сізге және айналадағыларға қауіп төндірмейтіндей, зиян келтірмейтіндей, құқықтар мен заңды мүдделерді бұзбайтындай ұстаңыз;
  6. Өз денсаулығына зиян келтіруіне, дилерлік орталықтың, оның қызметкерлерінің, келушілердің және өзге де тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғатын абайсыз әрекеттер жасауына жол бермеу үшін кәмелетке толмаған балаларыңызды бақылауларыңызды өтіне сұраймыз.
  7. Дилерлік орталық әкімшілігінің, күзет қызметкерлерінің, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өкілетті тұлғалардың нұсқауларын ескеру және орындау; әкімшілік және/немесе күзет қызметкері талап еткен жағдайда немесе өрт дабылы және өзге де қауіп-қатерді хабарлау сигналдары іске қосылған жағдайда, дилерлік орталықтың аумағынан кету;
  8. Өрт, терроризмге қарсы, қоғамдық, санитарлық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарын және Қазақстан Республикасының қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасында көзделген өзге де талаптарды сақтау;
  9. Дилерлік орталықтың қызметкерлерін және/немесе дилерлік орталықтың күзет қызметкерлерін келушінің(-лердің) немесе басқа тұлғалардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне зиян келтірудің себебі болып табылатын/болып табылған әрекеттер және/немесе оқиғалар және/немесе мән-жайлар туралы дереу хабардар ету;
  10. Дилерлік орталықта тек арнайы бөлінген және белгіленген жерлерде ғана темекі шегу;
  11. Дилерлік орталықтың автотұрағында көлік құралдарын жабдықталған белгілердің талаптары мен шектеулеріне сәйкес орналастыру. Велосипедтер мен самокаттарды тек осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жерлерде ғана қалдыру керек;
  12. Дилерлік орталыққа келушілер жол жүру ережелерін сақтауы тиіс. Өз көлік құралдарыңызды дилерлік орталықтың автотұрағында дилерлік орталықтың жұмыс кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ уақытқа қалдырмауыңызды сұраймыз. Дилерлік орталықтың әкімшілігі жол қозғалысы ережелерін бұзушылар туралы полиция қызметкерлеріне хабарлауға құқылы.
ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУШІЛЕРГЕ ТӨМЕНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕРГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ
 
  1. Өз денсаулығыңызға, өміріңізге немесе қауіпсіздігіңізге, сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың денсаулығына, өміріне немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіруге;
  2. Кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға;
  3. Қақтығысты жағдайлар туғызуға, жанжал, төбелес, басқа да заңсыз әрекеттерді бастауға, оларға қатысуға, басқаларға агрессия көрсетуге, бұзақылық әрекеттер жасауға, дилерлік орталықтың басқа келушілері мен қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға және балағаттауға жол беруге;
  4. Жүгіруге, секіруге, осыған арналмаған конструкцияларға немесе құрылыстарға (аралық қабырғаларға, қабырғаларға, кедергілерге және т. б.) мінуге;
  5. Қауіпсіз емес болғандықтан дилерлік орталықтың үй-жайларында роликті конькимен, самокаттармен, велосипедтермен, скейтбордтармен, скутерлермен (гироскутерлермен), сегвейлермен және басқа да роликті және дөңгелекті техникамен сырғанауға;
  6. Дилерлік орталықтың және басқа келушілердің мүлкін бүлдіруге және/немесе сындыруға немесе басқаша жолмен бүлдіруге;
  7. Дилерлік орталықтың қызметтік үй-жайларына немесе келушілер үшін жабық үй-жайларына кіруге;
  8. Дилерлік орталықтың үй-жайларында және аумағында қоқыс тастауға және қалдыруға;
  9. Дилерлік орталықтың аумағына алкогольді және алкоголі аз ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен айналымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен шектелген кез келген прекурсорларды алып өтуге, ішуге, пайдалануға;
  10. Дилерлік орталықтың аумағында қаңғыбастықпен және(немесе) қайыршылықпен айналысуға;
  11. Дилерлік орталықтың үй-жайларына жетелеуші иттерді, сондай-ақ арнайы тасымалдау құралындағы жануарларды қоспағанда, жануарлармен кіруге;
  12. Дилерлік орталықтан сатып алынған жағдайларды қоспағанда, тұтануы немесе жарылысқа әкеп соғуы мүмкін заттарды (жанғыш және жарылғыш заттар, жарылғыш құрал, оқ-дәрілер және т. б.) әкелуге;
  13. Дилерлік орталық әкімшілігінің келісімімен көрсетілетін/сатылатын қызметтер мен тауарларды қоспағанда, дилерлік орталықтың үй-жайларында немесе аумағында косметикалық құралдарды, кәдесыйлар, сусындар, тамақ өнімдерін, киім, жарнамалық атрибутиканы және басқа да коммерциялық тауарларды сатып алуды ұсынуға және/немесе қандай да бір қызметтер көрсетуге;
  14. Дилерлік орталық әкімшілігінің жеке жазбаша рұқсатынсыз дилерлік орталықтың жайларында немесе аумағында жарнамалық парақшалар, брошюралар, буклеттер және/немесе басқа да ақпараттық/жарнамалық материалдар таратуға;
  15. Дилерлік орталықтың аумағында кез келген митингтер, жиналыстар және/немесе осыған ұқсас іс-шаралар өткізуге;
  16. Жарнамалық акциялар, сауалнамалар, қол жинау және/немесе басқа да акциялар ұйымдастыруға сондай-ақ дилерлік орталықтың әкімшілігімен жазбаша түрде алдын ала келісілмеген басқа да қызметті жүзеге асыруға
  17. ;
  18. Дилерлік орталыққа тиесілі автокөліктердің салондарын (оның ішінде есік құлыптарын бұғаттау арқылы) ішінен жауып алуға дилерлік орталықтың үй-жайларындағы таныстыру автокөліктерінің қозғалтқыштарын оталдыруға;
  19. Осындай фото-және (немесе) бейнетүсірілім өндірушінің қызметтер көрсету стандарттары аясында (оның ішінде автокөлікті табыстау процедурасы барысында) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, дилерлік орталықтың әкімшілігі тарапынан алдын ала жазбаша келісімінсіз әуесқойлық фото - және (немесе) бейнетүсірілім жүргізуге, және дилерлік орталықтың қызметкерлері мен басқа да келушілерінің келісімінсіз осындай қызметкерлер мен келушілерге аудиожазба жүргізуге; Дилерлік орталықтың жайларында және аумағында біздің келушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтай отырып, тауарларды (автокөліктер, қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар және сол сияқтылар), прайс-парақтарды, буклеттерді, каталогтарды, брошюраларды және сол сияқты материалдарды тек жеке мақсаттарда фототүсіруге және (немесе) бейнетүсірілім жүргізуге рұқсат етіледі;
  20. Жөндеу аймағының аумағына дилерлік орталық қызметкерлерінің еріп жүру інсіз және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтпестен кіруге және (немесе) онда болуға;
  21. Сатып алынған тауарлар (автокөліктер, қосалқы бөлшектер, техникалық сұйықтықтар және сол сияқты тауарлар), көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақшалай есеп айырысуларды дилерлік орталықтың кассасынан тыс жерде жүргізуге;
  22. Дилерлік орталықтың қызметкеріне (қызметкерлеріне) ақша (кез келген нысанда), бағалы қағаздар, несиелер, қызмет көрсету, ойын-сауық, демалыс, көлік және өзге де шығыстар төлемі түрінде сыйақы беруге;
  23. Көлік құралдарын жолаушыларды түсіруге/отырғызуға арналған немесе өзге де мақсаттарды көздейтін орындарда тұраққа қоюға.
АПАТТАР МЕН ОҚЫС ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
 
  1. Дилерлік орталықтың үй-жайларында өрт дабылы жүйелері, автоматты өрт сөндіру жүйелері және аудиожүйелер (бұдан кейін – Жүйелер) орнатылған, олар бойынша аудио хабарламалар, яғни дилерлік орталықта апат болса немесе басқа да төтенше жағдай орын алса, дилерлік орталыққа келушілердің және/немесе басқа үшінші тұлғалардың өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде ақпарат беретін хабарламалар таратылады;
  2. Бұл жүйелердің жұмысын өшіруге, жауып тұруға немесе басқаша шектеуге қатаң тыйым салынады. Осы жүйелердің бүлінгенін байқаған жағдайда, дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзет қызметкерлеріне дереу хабарлау қажет;
  3. Дилерлік орталықта төтенше жағдай туындаған кезде, мысалы, дилерлік орталықтың үй-жайларында өрт немесе жарылыс, дүлей зілзала немесе апатты құбылыстар (қатты жел), диверсия немесе террористік акт болған жағдайда, дилерлік орталыққа келушілер дилерлік орталықтың күзет, полиция, өрт-құтқару қызметі және басқа да қызметтер қызметкерлерінің немесе дилерлік орталық әкімшілігі қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауға міндетті;
  4. Жану ошағын немесе түтінді байқағанда, бұл туралы дилерлік орталықтың жұмыскерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзет жұмыскерлеріне және өрт-құтқару қызметіне дереу хабарлау;
  5. Қараусыз қалдырылған күдікті заттар, жарылғыш, химиялық немесе радиоактивті заттар табылған жағдайда бұл туралы дереу дилерлік орталықтың жұмыскерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзет қызметкерлеріне хабарлау қажет. Дилерлік орталықтың және/немесе басқа қызметтің күзет қызметкерлері келгенге дейін қауіпті орынды қоршап қою және өз бетінше оқшаулау және залалсыздандыру бойынша іс-әрекеттер жасамау;
  6. Дилерлік орталықтың әкімшілігі өртті, жарылысты, газдың жылыстауын және өзге де қауіпті қоса алғанда, дилерлік орталық жұмыскерлерінің, келушілерінің қауіпсіздігіне, денсаулығына немесе өміріне, мүлкіне қауіп төнген жағдайда, ықтимал залал мен зиянды болдырмау үшін дереу, алдын ала ескертусіз дилерлік орталықты (немесе оның кез келген бөлігін) жабуға құқылы.

КАРАНТИН РЕЖИМІ КЕЗІНДЕ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 
  1. Егер арнайы алып жүру талап етілмесе, дилерлік орталыққа мүмкіндігінше бірге еріп жүретін тұлғаларсыз келгеніңіз жөн;
  2. Егер Сізде суық тию ауруының белгілері бар және/ немесе денеңіздің температурасы жоғарылаған болса, онда дилерлік орталыққа келуден бас тартқаныңыз жөн;
  3. Сіздің қауіпсіздігіңіз және COVID-19 ауруының алдын алу үшін біз дилерлік орталыққа келген кезде әлеуметтік қашықтықты және міндетті түрде бетперде тағу режимін сақтауды ұсынамыз;
  4. Сонымен бірге Сізден қол алысудан бас тартуды сұраймыз. Дилерлік орталыққа кірген кезде қолыңызды антисептикпен дезинфекциялауға және температураңызды бақылауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
  1. Осы «Дилерлік орталыққа келу ережелері» дилерлік орталықпен жасалатын (сатып алу-сату, сервистік (жөндеу) қызметтер көрсету, қосалқы бөлшектерді жеткізу және сол сияқтылар туралы) жария шарттардың міндетті талаптары болып табылады және дилерлік орталықтардың барлық келушілеріне таралады.
  2. Дилерлік орталыққа келуі арқылы келуші осы «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен» келіседі, оларды қабылдайды және оларды мүлтіксіз сақтауға міндеттенеді.
  3. Дилерлік орталықтың күзет қызметкерлері «Дилерлік орталыққа келу ережелерінің» бұзылуы туралы хабарлауға/ескертуге, келушілерден дилерлік орталықтан кетуін сұрауға, сондай-ақ дилерлік орталықтың қызметкерлері мен келушілерінің және/немесе басқа тұлғалардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың денсаулығының, өмірінің, мүлкінің қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін басқа да қажетті және заңды шаралар қолдануға құқылы. Қоғамдық тәртіпті және «Дилерлік орталыққа келу» ережелерін бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген.
  4. Осы «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен» кез келген келуші компанияның ресми сайтында, клиенттік аймақта, ресепшенде немесе дилерлік орталықтың қабылдау аймағында таныса алады.

 

icon icon icon icon icon

www.petropavlovsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.