11 ақпан 2021

Subaru автокөлігін таңдаудың 7 себебі

Неліктен миллиондаған адам осы брендті таңдайды? Мүмкін, адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – қауіпсіздікті сезіну болғандықтан шығар. Subaru автокөліктерінің иелері бұл автокөліктердің қозғалыс сенімділігін, яғни қауіпсіздікті бере алатын маңызды сипаттамаларға ие екенін сырттай ғана естіп біліп жүрген жоқ.

Жапон бренді көп жылдан бері нақтылықты, қауіпсіздікті және сенімділікті білдіреді. Алайда, егер бұрын Subaru спорттық автокөлік ретінде қабылданса, бүгінде бұл мүлдем басқа бағыт. Бүгінгі таңда бұл автокөліктер сенімділік пен отбасылық құндылықтардың синонимі болып табылады, ол бұрынғыдай өзінің негізгі мақсаттарына адал болып қалады, олар: қозғалыс кезінде қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету. Subaru кроссоверлері – биік талаптарға ұмтылған «ақылды» кроссоверлер – жолсыз жерде пайдалануға болатын өз сегментіндегі ең қабілетті автокөліктер. Бәрін рет-ретімен айтып шығайық…

Әрбір Subaru автокөлігінің жүрегі – көлденең-оппозиттік Boxer қозғалтқышы. Ол симметриялы Symmetrical AWD толық жетегімен және Lineartronic трансмиссиясымен тамаша үйлеседі. Кроссоверлер ауылдық жердегі жолда, жолдан тыс жерде өздерін өте жайлы сезінеді. Оған тік беткейлер мен төбелер, шұңқырлар, тастар, «лай су» мен бұлақтар кедергі болмайды. Тас жолда қарапайымдығымен сипатталатын оппозиттік қозғалтқыш автокөліктің тонналық салмағын лай мен қиыршық тастың үстінде оңай әрі сенімді тартады. Тұрақты толық жетек, FORESTER және Subaru XV модельдеріндегі 220 мм және OUTBACK – моделіндегі 213 мм жол саңылауы кез келген, тіпті талғампаз жүргізушіні де қатты қуантады.

Subaru бренді сақина пішінді көтергіш қаңқаны қолданады, ол салонды соқтығысу кезіндегі соққылардан қорғайды. Subaru XV және биыл сатуға шығуы күтілетін жаңа Forester кроссоверлерінің бесінші буыны Subaru Global Platform (SGP) платформасының негізінде жасалған. Мұның арқасында қауіпсіздік едәуір жақсарды, шанақтың қаттылығы мен беріктігі артты. Сонымен қатар автокөліктің шассиі қайта өңделіп, жетілдірілді, осылайша тұрақтылық артып, автокөліктің басқарылуы жақсарды. Бұл сонымен бірге ауырлық орталығын төмендетуге және басқаруды дәлірек етуге мүмкіндік берді. Қауіпсіздік жастықтары да артықшылықтар қатарын көбейтеді, негізгі жинақтамада олардың саны жетеу, және краш сынақтардағы жоғары ұпайлар. Шанақтың пассивті қауіпсіздігін күшейту үшін есік ойықтары мен түптің қаттылығы ұлғайтылды, бетпе-бет келген соққы кезінде, қозғалтқыш трансмиссиямен бірге салонға енбей, автокөліктің астына қарай жылжиды. Жүргізуші автокөлікті жақсы сезінеді, бұл қозғалыс сенімділігіне алып келеді және көлік жүргізуден ләззат алуға мүмкіндік береді. Жолсыз жермен өтетін сапар болса да, асфальтпен жүретін қозғалыс болса да – кез келген сапардағы қауіпсіздік Subaru автокөлігінің заманауи белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жолдағы соқтығысулар мен басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектесетін мінсіз механизм.

X-Mode функциясы ылдиға қарай түскен кезде тұрақты жылдамдықты автоматты түрде сақтауға көмектесетін жүйені қамтиды. Бұл жүргізушінің көңілін автокөлікті басқаруға шоғырландыруға және мұндай жағдайда қауіпті болатын дөңгелектердің бұғатталып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді. Subaru танк сияқты, міз бақпастан алға беттейді. Себебі толық жетекпен бірге X-Mode режиміндегі кроссоверлердің электроникасы бос айналып тұрған дөңгелектерді тежей отырып, дөңгелектер арасындағы дифференциалдардың бұғатталуының имитациясын жасайды.

Eyesight жүргізушінің көмекші жүйесі* – бұл қауіпсіздік жүйелерінің бүтін бір кешені. Жүргізушінің көмекші технологиясы алдыңғы әйнектің жоғарғы жағындағы екі стереоркамера объективінен тұрады, олар автокөлікке оның алдында орналасқан заттардың бейнелерін «көруге» мүмкіндік береді. Рульде отырған жүргізушінің көңілі басқаға ауып кетсе де, EyeSight қауіпсіздік жүйесі қауіп туралы ескертеді. Сондай-ақ, жүйе алда тұрған көліктің қозғала бастағанын, автокөліктің байқаусыз қозғалыс жолағынан шығып бара жатқанын ескертеді, және ең бастысы, алдыдан соқтығысу қаупі туындаған кезде ол тежеуді әрекетін өзі қолданады.

Subaru Rear Vehicle Detection қауіпсіздік жүйелерінің қосымша кешеніне мыналар кіреді: артқы жүріспен қозғалу көмекші жүйесі (Rear Cross Traffic Alert - RСTA); «көзден таса» аймақтардағы нысандарды анықтау жүйесі (Blind Spot Detection - BSD); сондай-ақ қозғалыс жолағын ауыстыру көмекші жүйесі (Lane Change Assist – LCA).

Жүргізушінің күйін қадағалау жүйесі – бұл жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі жүргізушілерге де арналып әзірленген жаңа қауіпсіздік технологиясы. Ол жүргізушінің назарын әрқашан жолға бағыттау үшін жасалған. Егер жүйе жүргізушінің ұзақ уақыт бойы жолдан басқа жаққа алаңдап отырғанын байқаса, жүйе жүргізушінің назарын жолға қайтару үшін визуалды және дыбыстық сигналдар бере алады.

Subaru автокөліктерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі «Қауіпсіз автокөлік» рейтингіндегі номинациялар бойынша көптеген марапаттармен дәлелденді.

Қар, мұз, жолсыз жер немесе лай болсын – Subaru автокөліктерінің әртүрлі климаттық жағдайдағы сенімділігі құрмет сезімін тудырады. Бұл Қазақстан климатына әбден лайықты автокөлік. Subaru кроссоверлерінің салоны тек жүргізушіге ғана ыңғайлы емес. Жолаушылар қара жолдан (жұмыр және қиыршық тастардан) қорықпайды, өйткені бүйірлік тіректері бар ыңғайлы орындықтар бойды еркін ұстап, терезе сыртындағы көріністерден ләззат алуға мүмкіндік береді.

Көбірек видеолар мына жерде https://www.youtube.com/channel/UCb7n97wTrzZGBxSBVIVJJfw

*МАҢЫЗДЫ! Eyesight – бұл автокөлікті автоматты басқару функциясы емес, жүргізушіге көмек көрсету жүйесі. Жүргізуші қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл күш-жігерін жұмылдыруы тиіс және міндетті түрде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына жауапкершілік көтереді!  

Сұрау жіберу
icon icon icon icon icon

www.petropavlovsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.