27 мамыр 2021

Subaru XV 18-19MY, Forester 19 - 20MY автокөліктеріне арналған SRT308 сервистік науқаны

Subaru автокөліктерінің сенімділігі– – өндірушінің негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан Subaru автокөліктерінің өндірушісі жаңа автокөліктер мен олардың элементтерін де, пайдаланудағы автокөліктерді де тұрақты түрде зерттеп отырады.

Осындай зерттеулердің бірінің нәтижесі бойынша өндіруші 2019-2020 модельдік жылдардағы (2018 жылдан 2020 жылға дейін шығарылған) кейбір Forester және 2018-2019 модельдік жылдардағы (2017 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған) Subaru XV автокөліктеріне арналған сервистік науқанды жариялау шешімін қабылдады.

Бұл науқан оталдыру жүйесі шарғыларының ықтимал ақаулығына байланысты жарияланады. Бұл ішкі жану қозғалтқышының тұрақсыз жұмысы, аспаптар тақтасында «Check Engine» («Қозғалтқышты тексер») шамының қосылуы, ең арысы, қозғалыс барысында қозғалтқыштың сөніп қалып, оны оталдыру мүмкін болмай қалуы секілді белгілерден көрінеді.

Ықтимал ақаулықтың алдын алу үшін оталдыру жүйесінің барлық 4 шарғысын жаңаларына ауыстыру керек, сонымен қатар басқа бөлшектерді ауыстыру қажеттілігін тексеру керек.

Осы кері қайтару науқаны шеңберіндегі барлық жұмыстарды Subaru компаниясының кез келген ресми дилері автокөлігіңізге тегін жүргізіп береді.

Біз Subaru компаниясының кез келген өзіңізге ыңғайлы ресми дилеріне хабарласуыңызды және көрсетілген жұмыстарды орындауға жазылуыңызды сұраймыз.

Егер сіз автокөлігіңізді сатқан болсаңыз, осы науқанның жүріп жатқанын автокөліктің жаңа иесіне хабарлау үшін оның байланыс деректерін бізге төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен жіберуіңізді сұраймыз.

Сұрау жіберу
icon icon icon icon icon

www.petropavlovsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.